Петропавлда биыл 300-ден астам неміс ауыл шаруашылығы техникасы құрастырылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлға CLAAS компаниясының басшысы Катрина Клаас-Мюльхойзер келіп, былтыр өңірде ашылған ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын зауыттың жұмысын көрді. Кәсіпорынды дамыту және жинақтаушы әрі қосалқы бөлшектерді шығару мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысына CLAAS компаниясының басшысы Катрина Клаас-Мюльхойзер жұмыс сапарымен келді.

– Компания басшысының Петропавлға келуі — жобаға үлкен көңіл бөліп отырғандығын көрсетеді. CLAAS басшылығымен келіссөздер 2017 жылы басталды. Жобаны жүзеге асыруға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға 2019 жылы баруы және Катрина Клааспен кездесуі маңызды серпін берді, — деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысының айтуынша, ел диқандары техниканың сапасын жоғары бағалап отыр. Оның бір мысалы ретінде «Асхат Агро» ЖШС алқабында 30 жыл бойы егін орып жүрген CLAAS Dominator комбайнын айтуға болады. 1992 жылдан бері комбайн 12 мың сағат жұмыс істеген, әлі де алқап басында тоқтаусыз жүр.

– Біздің міндетіміз — ауылшаруашылық тауар өндірушілерін сапалы және жоғары өнімді, әрі бағасы нарықтан төмен техникамен қамтамасыз ету. Бұл диқандарға егінді оңтайлы уақытта егіп, жинап алуы үшін керек. Техниканы жаңартпай ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Мен ауыл шаруашылығы инженері ретінде мұны жақсы білемін. Бүгінде неміс компаниясының комбайндары мен тракторлары үлкен сұранысқа ие. Неміс компаниясының Петропавлда зауыты ашылуы нәтижесінде техниканың бағасы 27 % дейін төмендетілді. Кәсіпорын өткен жылы 92 техника құрастырса, биыл саны 300-ден асты. Келесі жылы 500 техника құрастыру жоспарда бар, — деп жазды Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz