СҚО-да пробация қызметкерлері мен полицейлер сотталғанды құтқарды, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
М.Жұмабаев атындағы аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Г. Байбусиннің учаскесінде тұратын сотталғандармен профилактикалық әңгіме жүргізу мақсатында күн сайынғы қоңырау шалу кезінде сотталғандардың бірі байланысқа шықпаған.
Байбусин учаскелік полиция инспекторы Охременкомен бірлесіп мән-жайды анықтау үшін сотталған адамның тұрғылықты жеріне барған, алайда үйдің есігі ішінен құлыпталғаны анықталды. Қызметкерлер үй ішінен ыс иісі шығып, терезеден будақтаған түтінді көргесін әйнекті сындырып кіруге мәжбүр болған. Тәртіп сақшылары сотталғанды төсекте ес-түссіз жатқан күйде тапты.
Оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Соңғы мәліметтер бойынша, ол ұйықтар алдында темекі тұқылын отын мен қағаз салынған пеш ішіне тастай салған. Бұдан бөлек пештің жанындағы пластик шара еріп, улы иіс үйге тараған.