Петропавлда көмір қымбататуы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда көмір жеткізу екі есеге артты. Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін қалаға жыл сайын 100 вагон жеткізілсе, биыл 200 вагоннан астам қара отын әкелінген. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің ақпаратына сай, бұған облыс әкімдігі тарапынан қолданылған шаралар сеп болған.

Бүгінде Петропавлда жеке секторда 15 мыңнан астам үй бар екенін айта кеткен жөн. Оларға жылыту маусымына шамамен 70 мың тонна көмір қажет. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, Шұбаркөл көмірінің бағасы тоннасына 14,9 мың теңгені құрап отыр. Қалалық әкімдік болса тұрғындарға көмірді алдын-ала сатып алу туралы кеңес береді, өйткені қара отынның бағасы жақында күрт қымбаттауы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz