Петропавлдық полицейлер автокөліктерде жасалған бірнеше ұрлықты ашты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне  бір түнде бірнеше автокөлік тоналғаны туралы ақпарат  түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қылмыскерлер ішке әйнекті бұзып кірген. Бір жағдайда көлік иесі жүк тиегішті жабуды ұмытып кетіпті. Ұрылар автомагнитола мен құрал-саймандарды олжалап отырған. Мәселен, Абай көшесінде «Audi A6» автокөлігінен модем, электр бұрғы қолды болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Олар 18 және 28 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Екеуі де мүліктік қылмыс жасағаны үшін істі болған. Аталған фактілер Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер қамауға алынды. Ұрланғанның бір бөлігі алынды.

-Көлікті жарық түсіп тұрған, бейне камералар орнатылған орындарға қалдыру керегін ескертеміз.  Бейне бақылау – қылмыстың алдын алу мен ашудың сенімді құралы. Барлық қала тұрғындарын мүмкіндігінше камераларды үй кіреберістеріне,   аула аумағын қамтитындай етіп орнатуға кеңес береміз. Бұл қаскөйлерге тосқауыл болады және қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ, сигнализацияны пайдануға, көлікті қалдырған кезде есіктерінің ашық қалмағанына көз жеткізуге, салонда ұрылардың назарын аударатын ақша, құжат пен құнды заттарды қалдырмауға кеңес береміз, — дейді Петропавл  №2 полиция бөлімінің бастығы   Талғат Смағұлов.

Жыл басынан СҚО-да автокөлік салонынан зат  ұрлаудың  26  фактісі тіркелген,   оның   15-і ашылды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz