СҚО полицейлері жоғалған 20 қойды иесіне қайтарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Аққайың ауданында еркін жайылымда жүрген 20 бас қой жоғалған.    13 қыркүйек күні   иесі малды отбасымен бірге өз күшімен іздеп таба алмағасын кешке аудандық полиция бөліміне жүгінген,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аудандық ПБ қызметкерлері  14 қыркүйек күні таңертең тәртіп сақшылары жоғалған қойларды ауылдан бірнеше километр жерде астығы жиналған егіс алқабынан тапты. Қойлар иесіне  қайтарылып, малды  қараусыз қалдырмауын ескертті.

-Алдын алу мақсатында малдың еркін жайылымда жүргені үшін қой иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бос жүрген малдар ұрылардың олжасына айналуы мүмкін. Бұдан бөлек, кей кезде қараусыз жүрген мал  жолға шығып, ауыр жол-көлік оқиғасына себепші болуы мүмкін. Ауданда осындай оқиғаларды болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі.  Әкімшілік жауапкершілікке тарту – заң бұзушылықтың қайта жасалмауына ықпал етеді, нәтижесінде ауыл тұрғындары малды қараусыз жібермеуге тырысатынын атап өткен жөн. Профилактикалық жұмыс жемісін берді, биыл  ауданда мал ұрлығының бірде бір фактісі тіркелген жоқ,  — деді аудандық ПБ бастығы   Руслан Сапаров.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz