Солтүстікқазақстандықтар отбасылық бюджеттің жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті өңір тұрғындарының ай сайынғы ақшалай шығындарын есептеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Статистикаға сүйенсек, екінші тоқсанда жан басына шаққандағы ай сайынғы шығындар 84 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% — ға жоғары. Солтүстікқазақстандықтардың ақшалай шығыстарының құрамында ең үлкен үлесі яғни, 89 %-ын тұтыну тауарлары алады. Ал ақшалай шығындардың 10% — дан астамын материалдық көмек, алимент, несие мен қарызды өтеу, салықтар құрайды.

Отбасылық бюджеттің ең көп шығыны яғни 45% азық — түлік тауарларына тиесілі. Азық — түлік емес тауарлар тобында киім мен аяқ киім сатып алу жетекші орын алады. Бұл шығындардың бестен бір бөлігі. Ақылы қызметтердегі шығыстардың үштен бірі тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге, көлік және байланыс қызметтеріне жатады. Аз бөлігін мәдени іс-шараларға және бос уақытты ұйымдастыруға шығындар алады. Қала тұрғындарының ақылы қызметтеріне жұмсалатын шығындар ауыл тұрғындарының шығындарынан екі есе асып түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz