Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдеріне әскери-саяси ынтымақтастықты арттыруды ұсынды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдердің қорғаныс ведомстволары мен арнайы қызметтері арасында әскери-саяси ынтымақтастықты арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Ұйым қызметін одан әрі жетілдіріп, ШЫҰ кеңістігінде және одан тыс жерлерде негізгі үрдістерді болжау ісін күшейту маңызды. ШЫҰ қызметі оның жарғылық құжаттарында көрсетілген негізгі қағидаттардың өзектілігін айқындады. Олар: экстремизм, терроризм, сепаратизм секілді «үш зұлымдыққа» қарсы күрес, мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау, ішкі істерге араласпау, — деді Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше Мемлекеттер басшылары Кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйлеген сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұйымның негізгі міндеті аймақтық қауіпсіздікті нығайту болып қала береді.

– Аталған өзекті салада бірлесе қызмет етуді көздейтін бұрын қабылданған құжаттарды іске асыруды жалғастыру қажет. Сондықтан қорғаныс ведомстволары мен арнайы қызметтер арасында әскери-саяси ынтымақтастықты арттыруды ұсынамын.Осы ретте ШЫҰ-ның Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен арадағы қатынастарды нығайту маңызды рөл атқара алады. Ұйымның ақпараттық кеңістігін қорғау инфрақұрылымын құру үшін киберқылмыспен күрес мәселелерінің өзектілігі арта түседі, — деді Қазақстан Президенті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне арнайы тоқталды.

-ШЫҰ мемлекеттері – әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші әрі экспорттаушы елдер. Біз ШЫҰ аймағында да, одан тыс жерлерде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді ынталандыруымыз керек. Мемлекеттеріміздің халықаралық азық-түлік өндірісі мен жеткізу тізбегінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысуы әлемдік азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі, — деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы су ресурстарын игеру мен ұтымды пайдалануға көбірек көңіл бөлу қажеттігін айтты.

-ШЫҰ-ның Энергетикалық стратегиясын бірлесіп әзірлеу жаһандық және өңірлік энергетикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Біз сондай-ақ, Жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын қабылдауды өзекті деп санаймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz