Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Головкин мен «Канело» үшінші рет Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да кездесті. Жекпе-жек он екі раундқа есептелген. Сарапқа супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы салынды.
Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды.
Осылайша Сауль «Канело» Альварес кәсіби мансабында 58-ші жеңіске жетіп, 168 фунтта әлемнің абсолютті чемпионы атағын қорғады, ал Геннадий Головкин екінші рет жеңіліс тапты.
Еске сала кетсек, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы тең нәтижемен аяқталған еді, ал 2018 жылы төрешілер жеңісті көпшілік дауыспен мексикалыққа берген болатын.