Қазақстанда қант қызылшасын өсіретіндерге қолдау көрсетіледі

Авторы: Qyzyljar News

Елімізде қант қызылшасы неге жеткілікті мөлшерде өсірілмейтіндігі туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл қант мәселесі өзекті тақырыпқа айналып, Қазақстанда бұл саланың болашағы қалай болады деген орынды сұрақ қойылды.

– Біз шаруаларды қолдап, салаға көптеп инвестор тартқымыз келеді. 2023 жылдан бастап қант қызылшасын субсидиялау нормативін тоннасына 15-тен 25 мың теңгеге көбейтеміз. Осылайша келесі жылы шаруалар өз өнімінің әр тоннасы үшін жалпы 40 мың теңге алатын болады. Қазір бұл сома қайта өңдеу зауыттарының ставкасын қоса алғанда 30 мың теңгені құрап отыр. Осылайша, біз қант қызылшасынан түсетін табысты жүгері, рапс және соя сияқты басқа дақылдардың деңгейіне жеткізетін боламыз. Субсидиялардың өсуі инвесторлардың салаға қызығушылығын арттырып, олардың көптеп келуіне жол ашады деп есептеймін. Ал, бұл өз кезегінде қант өндірісін дамытуға серпін береді. Сондай-ақ еліміздегі импорттық шикізатқа тәуелділік азаяды, нәтижесінде түпкілікті тұтынушы — сіз бен біз үшін бағаның тұрақты болуына негіз болады,- дейді Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қазірден бастап жерді келесі жылы қант қызылшасын егуге дайындау жөніндегі барлық агротехникалық шараларды бастауы керек.

– Бұған қоса елімізде қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру аясында егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын еске салғым келеді,- деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz