СҚО-да 17 адам кеңес одағының паспортымен өмір сүріп келген

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО полицейлері жыл басынан бері 39 адамның азаматтығын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айыртау ауданының 44 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлігін алды. Құжатын көші-қон қызметінің қызметкері мен учаскелік инспектор әкеліп берген. Енді ол қажетті емін, әлеуметтік қызметтерді ала алады. Әйел өзінің құқықтық мәртебесін уақтылы реттеген жағдайда, мұндай мәселе туындамас еді. Алайда оның айтуынша, осы күнге дейін оған жеке құжаттары қажет болмаған.

Ауылдық орта мектепті аяқтаған соң еш жерде оқымаған, ұзақ уақыт Ақмола облысында тұрып, кездейсоқ нәпақамен күн көріп келген. Туған ауылына келгеніне көп болмапты. Оның құжатсыз өмір сүріп жатқанын учаскелік полиция инспекторы маусым айында үйлерді аралау кезінде анықтаған. Көші-қон қызметкерлері оны Қазақстан Республикасы азаматы деп тану және құжаттарды ресімдеуге көмектесті.

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсырбаевтың айтуынша, жеке басын куәландыратын құжатсыз тұратын адамдарды анықтау жұмысын қызметкерлер учаскелік инспекторлармен бірге тұрақты түрде жүргізеді.

Жалпы жыл басынан бері 39 адамның азаматтығы анықталды. Оның барлығы Қазақстан Республикасы азаматтары деп танылды. Оның 22-сі 18 жасқа толғаннан кейін жеке құжаттарын уақтылы алмаған, қалғандары 1974 жылғы үлгідегі паспортымен тұрған.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz