Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер «Бірыңғай есеп күніне» шақырылды

Авторы: Qyzyljar News

29 қыркүйекте СҚО бақылау-қадағалау органдарының өкілдері өңірдің бизнес-қауымдастығымен кері байланысты қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлермен кездеседі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Кездесу сағат 15.00-де Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің үлкен залында өтеді.

– Бірыңғай есеп күнінің мақсаты — кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, мемлекеттің бақылау – қадағалау қызметі реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзушылықтардың жүйелі алдын алуды дамыту болып табылады, — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Бірыңғай есеп күні кәсіпкерлермен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу нәтижелерін талқылау бойынша кездесу форматында өткізілетін болады. Іс-шараға аудандық әкімдіктерде бейнеконференцбайланыс арқылы ауыл кәсіпкерлері де қатыса алады. СҚО Кәсіпкерлер Палатасы бизнес субъектілерін осы іс-шараға белсенді қатысуға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz