СҚО жолдарында 5 күнде 27 мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Демалыс күндері полиция қызметкерлері «Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!» профилактикалық рейдтерін өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

14 қыркүйектен бастап облыс жолдарында өткізілетін онкүндік іс-шараның негізгі міндеті — жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарының алдын алу.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, «Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!» акциясының 5 күні ішінде жолда жүру ережелерін бұзудың 1674 фактісі анықталды.

27 жүргізуші көлікті алкоголь немесе есірткіге мас күйде жүргізгені үшін ұсталды. Сондай-ақ жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдаудың 2 фактісі анықталды. «Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!» рейдтік іс-шаралар тек күндізгі уақытта ғана емес, түнде де жүргізіледі. Бұл ретте анықталған бұзушылықтардың саны маңызды емес, басты міндет – жол қозғалысы қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

– Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, жылдамдықты асырмауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға, қашықтықты сақтауға және жолда өте сақ болуға шақырамыз. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің кепілі екенін есте сақтау қажет, — деп атап өтті Айдын Байматов.

Жыл басынан бері СҚО-да 193 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 25 адам қаза тауып, 287 адам жарақат алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz