Петропавлда құдықта уланған жұмысшыларға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавлда құдықты тазарту кезінде иіс тиіп, біреуі қаза тапқан оқиғаға қатысты тексеріс аяқталды. Арнайы комиссия жазатайым оқиға жұмыспен байланысты емес деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Резонанс тудырған оқиға бойынша СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында арнайы комиссия құрылып, істің мән-жайын анықтады.

– Комиссияға оқиғаның анық-қанығына жету үшін 10 күн керек болды. Тексеру барысында жұмыс берушінің лауазымды қызметкерлері зардап шегушілерді жұмысқа алмағаны анықталды. Ол үш ер адам құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істеген. Яғни сол ұйымда әр түрлі жұмыс атқаратын жұмысшы асығып, кету керек болғандықтан, көмекке танысын шақырған. Ол ақша тапқысы келген тағы екі жігітті ерте келген. Мұның бәрі құжаттармен, сұрау салу арқылы дәлелденді. Комиссия бұл жерде жазатайым оқиға жұмыспен байланысты емес деген қорытындыға келді, — дейді осы комиссияға жетекшілік еткен мемлекеттік еңбек инспекторы Гүлнар Мұрзақанова.

Комиссия құрамына еңбек инспекторларынан басқа жұмыс берушінің және зардап шегуші жақтың өкілдері және Петропавл қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кірді.

– Құдық қоршалған аумақта болған, ол жерге бөтен адамның кіруіне рұқсат жоқ. Ұйымның жұмысшысы ол жерге жұмысқа қатысы жоқ үш адамды ертіп кірген, солармен бірге жұмыс істеген. Бұл жерде учаске бастығы өз жұмысшысына тиісті бақылау қамтамасыз етпеген. Қол астындағы жұмысшысының іс-әрекетін қадағаламай, оның басқа біреулерді жұмысқа тартуына жол берген. Сондықтан болған оқиғаға қатысты кім және қалай жауап беретіндігі әзірге белгісіз. Бұл жағдайды жұмыс беруші де өз арасында қарайтын болады. Болашақта мұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы үшін ұйымда бірқатар шара қолға алынды, — дейді Гүлнар Мұрзақанова.

Бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс іс қозғаған еді, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге салайық, 31 тамыз күні Петропавлда жаңадан салынып жатқан қазақ театрының құрылыс алаңында кәріз құдығын тазалау кезінде үш жұмысшы уланған еді. 20 жастағы жігіт сол жерде қаза тапса, 19 жастағы және 18 жастағы екі жұмысшы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz