Петропавлда 21 жастағы жігітті көлік қағып, мерт қылды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавлда жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 21 жастағы жігітті көлік қағып кетті. Зардап шегуші ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Қатты соққыдан жігіт бірнеше метрге ұшып кеткен. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына тез жеткенімен, зардап шегушіні құтқару мүмкін болмады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 9 қыркүйекте Петропавлда болған. Сағат шамамен 21.30-да Қазақстан Конституциясы мен Парковая көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өтпек болған 2001 жылғы Петропавл тұрғынын жеңіл көлік соққан. «Nissan Fuga» автокөлігінің рулінде 1996 жылғы ер адам болған.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегуші шұғыл медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді, сол жерде алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. Алынған медициналық қорытындыға сәйкес — жүргізуші сау. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасы фактісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-б. «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Анықтаудың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz