БАӘ Қостанай облысындағы орманды қалыпқа келтіруге 1 млн. доллар бөлді

Авторы: Сағындық МАУҒАЗИН

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.

– Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық салаларында кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларын әрдайым тұрақты түрде қолдап отырғаны үшін алғыс айтамыз, – деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр соңғы жылдары түрлі салалардағы бірлескен жобалар санының өсуі байқалып отырғанын айтты.

– Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру және тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Үкімет инвесторларға олардың бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. Жақын арада біз жаңа бірлескен жобаларды іске қосамыз деп үміттенемін, – деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-министр БАӘ президентіне Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына  1 млн.  доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерін ерекше достық қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

– Мен екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын толық қолдаймын, – деп атап өткен БАӘ президенті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыласы мен шынайы тілегін жеткізді.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz