Наурыз айында құлаған Петропавл 2-ЖЭО-ның мұржасын бөлшектеу жалғасуда. Осы уақытқа дейін оны қолмен бұзса, енді техника кірісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мұржаны бұзуға бірнеше адам жұмылдырылған. Бұған дейін «Севказэнерго» АҚ бас директоры Олег Перфилов бөлшектеудің механикалық тәсілі 32 метр белгіден бастап қана қолданылатынын айтқан болатын.
— Қолмен бұзу әдісі механикалық тәсілге ауыстырылды. Ол үшін Астанадан арнайы гидравликалық балға жеткізілді. Мамандар жұмысты аптаның соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр, — деп хабарлады «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі.
Фото: ашық дереккөздерден.