Балабақшаларға академиялық еркіндік берілді

Авторы: Сағындық МАУҒАЗИН

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі  мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының жаңа стандартын әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Енді еліміздегі балабақшалар бағытына қарай Үлгілік оқу бағдарламасының негізінде дамытушы бағдарламаларды өздері әзірлей алады, балалардың қызығушылығын ескеруде бұл олардың жұмысына белгілі бір академиялық еркіндік береді. Өзгерістер бірден  бірнеше артықшылықтарды қамтамасыз етеді.

  1. Енді мектепке дейінгі ұйымдарға еркін күн тәртібін әзірлеуге рұқсат етіледі.Тәрбиешілер минут бойынша қатаң сабақ кестесіне байланбай, күні бойы балалармен ойын арқылы оқыту сабақтарын ұйымдастыра алады.
  2. Балабақшаларға өз бағыты бойынша қосымша дамытушы бағдарламаларды дербес әзірлеуге, оны жүзеге асыруға вариативтік жоспар жасауға рұқсат етіледі. Бұрынғы Үлгілік оқу жоспарларында сағат саны қатаң көрсетілді. Бұл балабақшаларды аттестаттаудан өткізу  кезінде тексеру тақырыбына айналды, себебі Стандарттың  жүзеге асырылуы  өткізілген сабақ санына сәйкес  қатаң  тексерілді. Білім беру салалары пән ретінде қабылданды. Сондықтан жаңа Стандарт «ойын арқылы оқыту» қағидаты бойынша бізді балаларды ерте дамытудың негізгі әдістемесіне қайтарады. Яғни, балалардың әлеуетін ашу үшін   мүмкіндіктерін кеңейтті.

Сонымен қатар, Үлгілік  оқу жоспарының негізінде балалар мен педагогтер күнделікті жұмысы балалардың сөйлеуін дамыту, балаларға кітап оқып беру, математика негіздерін үйрету, шығармашылық және зерттеушілік іс-әрекеттерді қамтиды.

Стандартта балаларды отбасылық, ұлттық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке,  әлеуметтік ортадағы мінез-құлық ережелеріне, қауіпсіздік ережелеріне және т.б. баулу қажеттігі айқындалған.

Стандартта келесі тармақтар қарастырылған:

1) Сағаттық жүктемеден  арылу  нәтижесінде оқу жоспарының икемділігі қамтамасыз етілген;

2) балалардың жүктемесі  азайтылған (мысалы,  «Жаратылыстану» «Қоршаған ортамен танысу» бағытымен кіріктірілген);

3)  ҚРЗ 56-бабына сәйкес, күтілетін нәтижелерге қол жеткізуіне бағдарланған педагогке қойылатын талаптар айқындалған;

4) балаларда дағдыларды қалыптастыру және  оларды дамыту  күні бойы  балалармен жүргізілетін іс-әрекет түрлерін  кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz