СҚО-да әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шықты

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Облыстық әкімдіктегі өткен жиында сегіз айдың ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Қаңтар-тамыз айлары аралығында облыстың жалпы ішкі өнім көлемі 343,5 млрд. теңгеге дейін жетті. Өсімдік шаруашылығындағы өнім көрсетіші – 116,3 пайызды құрап, өсім өңірде шығарылған бидай мен өзге де тауардың есебінен артты.

Мал шаруашылығында шығарылған өнім көлемі 4,7 пайызға артты. Мәселен, ет өндірісі – 3,8 пайызға, сүт – 2 пайызға, жұмыртқа өндірісі – 1,4 есеге өсті. Ет тауарларын өндіру бойынша көш басында Тайынша ауданы келеді, олардың тауар өндірушілері етті 28 пайызға, Қызылжар ауданы 2,9 пайызға және Аққайың ауданында 2,5 пайызға көбейді.Соңғы 8 айдың ішінде облыста 107,3 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй ғимараттары қолданысқа берілді.

— Өнеркәсіптің негізі бөлігі – 81,5 пайыз – басым бөлігі қайта өңдеу кәсіпорындарына тиесілі, осылайша өндіріс көлемі 247,1 млрд теңгені құрап, өсім 5,7 пайызға артты. Тігіншілік саласында да шығарылған өнім көлемі 8 есеге өскенін байқауға болады. Ал машинажасау саласында шығарылған көліктер, жүктиегіштерді шығару ісі 7,6 есеге артты.Жеңілөнеркәсіп саласында да өсім байқалады. Сондай-ақ элетр қондырғыларды, дайын металл бұйымдарын, қағаз бен қағаз өнімдерін шығару ісін де оң динамика бар, – деп атап өтті экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz