Петропавлда көпқабатты үйде өрт шығып, 68 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавлда көпқабатты үйдің жертөлесінде өрт шығып, мамандарға тұрғындарды және дүкен қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 қыркүйек күні Петропавлдағы Абай көшесі, 69 мекенжайында болған. Сағат 12:15 минут кеткенде ведомствоның жедел басқару орталығына 4 қабатты үйдің жертөлесінде өрт шыққандығы туралы хабар түседі. Оқиға орнына бірден үш өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері және жедел-құтқару отряды аттанды.

Оқиға орнына келген мамандар өрттің жертөледегі 8 шаршы метрлік бөлмеден шыққанын анықтаған. Күш алған жалын вентиляциялық шахтамен сол үйге жапсарлас салынған «Орбита» дүкеніне жайылған, қабырғалары мен едені жана бастаған екен.Құтқарушылар алдымен үйден 68 адамды, соның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Жалынмен күреске 9 техника мен 25 маман жұмылдырылды. Өртті тек 4 сағаттан кейін ғана толық сөндіру мүмкін болды. Өйткені өрт сөндірушілерге жықпыл-жықпылы көп, әрі тұрғындардың заттары толып тұрған жертөледе жұмыс істеу оңай болмады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, келген шығын мөлшері анықталатын болады.
Алдын ала болжам бойынша, өрт сол арада жұмыс істеген «болгарка» құралынан ұшқан ұшқыннан шығуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz