СҚО жолдарында жылдамдықты асырған 294 адам жазаланды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО жолдарында 8 күннің ішінде жылдамдықты асырған 294 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Патрульдік полицейлер ереже бұзудың және көлік апаттарының алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жүргізуде. 14 қыркүйекте басталған «Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!» акциясы аясында профилактикалық рейдтер күшейтілді.

Астана-Петропавл автожолының 454-шақырымында СҚО полиция департаменті патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты асырған Lexus көлігінің жүргізушісін тоқтатты. 24 жастағы жүргізуші Петропавлға сағатына 133 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Нәтижесінде оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 592-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін Mercedes көлігінің 31 жастағы жүргізушісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам белгіленген жылдамдықты Көкшетаудан Петропавлға бара жатқанда асырған. Осы факті бойынша Әкімшілік кодекстің 595-бабы бойынша хаттама толтырылды. Екі бұзушылық та профилактикалық рейдтің бір сағаты ішінде Астраханка ауылының маңындағы республикалық маңызы бар жолда анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, қала сыртындағы жолдарда тіркелетін барлық жол-көлік оқиғаларының үштен бірі жылдамдық режімін бұзу.

– Апаттардың алдын алу үшін «Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!» акциясы аясында облыс автожолдарында полиция жасақтарының саны көбейтілді. Жылдамдық режімін сақтауға, басып озу, қарсы бетке шықпауға, маневр ережелерін сақтауға сондай-ақ, мас күйде не жүргізу құқығынан айырыла тұра көлік тізгініне отыру фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударылды. СҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының жеке құрамы егіс науқаны кезінде пайдаланатын ауыл шаруашылық және ақырын жүретін көліктердің жүргізушілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағдарланған, алайда, олардың арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындары бар, – дейді СҚО ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Руслан Садулов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz