СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертеді

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан тұрғындары үшін интернет-алаяқтықтың жаңа қаупі төніп тұр. Қаскөйлер ірі банктің белгілі мобильді қосымшасын пайдалануда. Жәбірленушілердің барлығы мобильді қосымшаы арқылы салық бойынша немесе коммуналдық қызмет төлемі үшін есеп шоттары туралы хабарламалар алған және оларды төлеген. Ақша жалған кәсіпкер ретінде шотқа шығарған киберқылмыскерлердің қалтасына түсіп отырған.

Полицейлердің айтуынша фейк хабарламаларды ажырату қиын емес. Жалған хабарламаларда «сатушы» деген сөз бар, ал салық немесе коммуналдық қызмет төлемдерін алу құқығы бар ұйымдардан келетін хабарламаларда ол сөз болмайды. Шынайы хабарламаның сол жағында ұйымның логотипі орналасқан – алаяқтарда логотиптің орнына есімнің не тегінің бірінші әрпі болады. Алаяқтар көрсететін «Қазақстан Республикасы Салық АҚ», «KAZtransGAZ АҚ» және т.б. сияқты ұйым атаулары нақты ұйымдардың атауларына ұқсас көрінгенімен, толық сәйкес келмейді.

Қылмыскерлердің есебі – адамдардың басым бөлігі төлемді автоматты түрде жасауына көзделген. Қаскөйлер солтүстікқазақстандықтардан 12 миллионнан астам теңге олжалаған.

– Қазіргі уақытта СҚО полиция департаменті облыстық банк филиалы атына ақпараттық хат жолдады. Хатта алаяқтардың банкте тіркелу мүмкіндігін азайту бойынша ұсынымдар көрсетілген. Облыс тұрғындарын сақ болуға шақырамыз. Төлем жасау туралы хабарлама ала қалған жағдайда, шын түбіртектермен салыстырыңыз. Күмәндансаңыз, ұйымға хабарласыып, хабарлама жолдағаны не жолдамағаны туралы нақтылап сұраңыз, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz