СҚО-да халықаралық жас педагогтар форумы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласында «Жаңа Қазақстан: жас педагогтардың рөлі рөлі» атты жас педагогтардың халықаралық форумы өтті.  Форумға қатысуға шақырылғандардың қатарында 25-ке дейінгі жастағы 3 жылға дейін ғана қызмет атқарған 300 — ден астам жас мұғалім қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Басты мақсаты — жас педагогтардың кәсіби қалыптасу проблемаларына назар аудару, олардың кәсіби өсуі үшін жағдайларын жақсарту, шығармашылық әлеуетін дамыту, облыстың жас педагогтары қауымдастығының жұмысын жандандыру.

Іс-шарада қаралған мәселелердің қатарында: оқыту технологияларын интеграциялау модельдері (SAMR); «Альфа» ұрпағының негізгі мәселелері; басқарудың мотивациялық механизмдері, тәлімгерліктің рөлі, кәсіби дамудың траекториясы, көрші аймақтың жобалық зертханасы, тиімді оқытудың тиімді құралдары секілді мәселелер пысықталды.

Форум аяқталған соң «Дебют» облыстық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
Бас жүлдені Ғабит Мүсірепов ауданы, Рузаевка орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Юлия Мельничук иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz