СҚО-да жаңа ашылған жұмыс орындарының 40 пайызы ауыл шаруашылығы саласында

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан бері 20,7 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылып, 9 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. Мұндай мәліметтерді әкімдік отырысында экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жұмыс орындарының ең көбі, шамамен 40% — ауыл шаруашылығына, 25% — жеке кәсіпкерлікке, 7% — құрылыс және 5% — өнеркәсіпке тиесілі.

— Жұмысқа орналастыру жоспары 102,7% — ға, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жоспары 103% — ға орындалды. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының іс-шараларының нәтижесінде 11,9 мың адам жұмыспен қамтылды. Жалпы, халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар жұмыссыздық деңгейінің өсуінің тежеуші факторы болып табылады, — деді Қуанышбек Қалижанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz