Қызылжар ауданында 300-ден астам отбасы қосымша жұмысқа ие болды

Авторы: Qyzyljar News

Қызылжар ауданында қосымша жұмыспен қамту шараларымен 312 отбасы қамтылды. Олардың арасында Сергей Белоусов та бар. Пресновка ауылының 60 жастағы тұрғыны ара өсірумен айналысады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сергей өз ісін 3 жыл бұрын бастаған. Бастапқыда 2 ұясы болса, бүгінде олардың саны – 11-ге жеткен. Ауыл тұрғыны тағы 4 ара ұясын сатып алып, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бір омартадан орташа есеппен 40 литр табиғи бал алып, өнімнің литрін 2,5 мың теңгеден сатып жүр. Облыста «Қосымша жұмыспен қамту шаралары» бағдарламасы 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Бағдарлама аясында жұмыссыздар өз ісін бірнеше бағыт бойынша мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы және ара шаруашылығы бойынша жүзеге асыра алады.

— Бағдарламаға кіру үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен мал, жер беру туралы меморандум жасау қажет. Бүгінде адамдар бұнымен белсенді түрде айналысып келеді. Ерте көктемнен бастап көкөніс егіп, күзге қарай өз еңбектерінің жемісін көруде, — деді Қызылжар ауданындық халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жанар Ақылбекова

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz