Петропавл әкімдігіне қарасты кәсіпорын кәсіпкерлерге 1 млрд. теңгеге жуық қарыз

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қалалық әкімдігінің «Коммунхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны екі жылға жуық атқарылған жұмыстар үшін кәсіпкерлерге ақшаларын бермей, жалпы қарыз 1 млрд. теңгеге жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Петропавл қалалық әкімдігі жанындағы «Коммунхоз» кәсіпорнынан қарызын ала алмай жүр. 2021 жылы олар мердігер ұйыммен коммуналдық жұмыстарды атқаруға келісімге отырған. Олар өз міндетін толық орындаған, бұған атқарылған жұмыстардық қабылданып алынған жөніндегі құжаттар дәлел. Алайда коммуналдық мекеме 27 кәсіпкерге қордаланған қарыз – 1 млрд. жуық теңгені төлеуге асығар емес. Тығырыққа тірелген 18 кәсіпкер Мемлекет басшысына үндеу жасап, көмек сұрап отыр. Өйткені сот олардың арызын қанағаттандырғанымен нәтиже болмаған.

– Ол қаржыны төлеу үшін «Коммунхоз» коммуналдық мекемесі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімін сотқа беруі керек. Соттың шешімі болса, бюджетте қаржы бар. Сол ақша бөлініп, «Коммунхозға» төленіп, барлық қарыз жабылады, — дейді мәселе бойынша түсінік берген Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz