Петропавлда 18 жастағы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
26 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында Nissan Qashqai автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Н.Назарабаев көшесінің реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға орнына алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы шақырылды.
18 жастағы зардап шегуші түрлі жарақаттармен қаланың медициналық мекемелерінің біріне жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне тапсырылды.