СҚО әкімі Тайынша ауданына жұмыс сапарымен барды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі Тайынша ауданы Қарағаш ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылының кіреберіс жолы мен су тарату желілерін жөнду жоспарда бар. Бүгінде ауылдың диқаны Сергей Звольский ауылды көркейтуге атсалысуда.

– «Астық СТЭМ» ЖШС Қарағашта 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтамасыз ететін сүт фермасын салуда. Серіктестіктің ауданда 5 көкөніс қоймасы бар. Шаруашылықта тамшылатып суару әдісі қолданылып, шығымдылық бірнеше есе өсуде. Биыл бір гектардан 80 тонна сәбіз, 35 тонна картоп жиналды. Бір маусымда 80 адам көкөніс өсірумен айналысады. Ауданда Тайынша мен Вишневкада екі мектеп салып жатырмыз. Сонымен қатар, қаладағы «Береке» ықшамауданында түзету мектеп-интернатының құрылысы басталды. Алдағы жылдары облыста барлығы 6 мектеп саламыз,- деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz