Түнде Петропавлда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушылары ағаштарды жапқан қарды түсіріп, бөлісіп жатыр. Қар басқан шатырлар, көліктер, орындықтар қыстың жақындағанын еске салады.
Петропавлда таңғы сағат 8:00-де термометр нөл градусты көрсетті. Қалада күндіз үш градус жылы болады. Түскі асқа дейін қар еріп бәрі еріп кетуі мүмкін. Биыл қыркүйек айы солтүстікқазақстандықтарды ұзақ уақыт бойы жылы, тіпті ыстық ауа райымен қуантты. 26 қыркүйек күні ауа температурасы күрт төмендеді. Апта өңірде толассыз жаңбырмен басталған еді. Былтыр облыста алғашқы қар 28 қыркүйекте жауған болатын.