Солтүстікқазақстандық 12 студент LOGO бағдарламасымен Германияда тәжірибеден өтуде

Авторы: Qyzyljar News

Университет қабырғасында «Тұрақты ауыл шаруашылығы және цифрлық трансформация жағдайында білім беру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Басқосуға LOGOe.V (Германия) қауымдастығының төрағасы және қызметкерлері, ASA (Германия) халықаралық бағдарламасының бакалаврлары мен магистрлері, отандық және шетелдік университеттердің өкілдері, фермерлер мен органикалық өнім өндіретін компаниялар, университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық жиналды. Жыл сайын біздің ЖОО студенттері де Германияның агроқұрылымдарында, экологиялық кәсіпорындарында ақы төленетін практикадан өтеді. Бүгінде университетіміздің 14 студенті LOGOe.V бағдарламасы бойынша Германияда тәжірибеден өтуде.

Қазақстан органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысы федерациясының төрағасы Евгений Климовтың айтуынша, бұл секторда жыл сайын шамамен 10 % тұрақты өсу байқалады, органикалық өнімдерді сату нарығы артып келеді.

– Жалпы, қазір Қазақстанда Еуропалық Одақ стандарты бойынша сертификатталған 300 мың гектарға жуық жер бар. Тұтастай алғанда, органикалық егіншіліктің мемлекет үшін оң аспектілерінің толық тізбесі бар, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетті арттырады,- дейді Евгений Климов.

Қатысушылар ауыл шаруашылығының болашағы мен мүмкіндіктерін қозғады.

– Экологиялық таза өнім мәселесі бәріміз үшін өзекті. Қазақстан Еуропалық Одаққа органикалық өнімдерді экспорттаушылар арасында 9-шы орында. Әзірге облысымызда органикалық өнім өндіретін 3 кәсіпорын бар. Бұл бағытта біздің әлеуетіміз өте зор, — деді СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Тоқсанбаев.

Бүгінде оқу ордамыз бен LOGOe.V. шамамен 10 жыл бойы ынтымақтастық етіп келеді. Ұйым кәсіптік оқытумен, органикалық егіншілікпен айналысады. Ауыл шаруашылығы мамандықтарының студенттері үшін практикалар мен семинарлар ұйымдастырады, оларға қазірдің өзінде 4000-нан астам бала қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz