Ғ. Мүсірепов ауданының полициясы қозғаған іске байланысты жол жөндеумен айналысатын кәсіпорын сатып алынған қиыршық тасты игеруге мүмкіндігі болмай отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Магнит — 2010 » ЖШС аудандық және республикалық маңызы бар жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорын «Көкше Табыс» ЖШС және «Көкшетау Жолдары» ЖШС-мен Ғ.Мүсірепов ауданы Тахтаброд кентінің жанындағы «Тахтаброд-Гусаковка» жол учаскесіне табиғи қиыршық тас жеткізуге шарт жасасқан. Инертті материалды кәсіпорын аудандық маңызы бар автожолға орташа жөндеу жүргізу үшін сатып алып, әкелген. Алайда, биыл сәуір айынан бастап полицейлердің араласуынан кейін «Көкшетау Жолдары» ЖШС-іне қиыршық тасты жеткізе алмай отыр.
Полиция қызметкерлері оны қиыршық тасты заңсыз қазып алды деген күдікпен пайдалануын шектеп отыр.
— Сәуір айынан бастап аудандық полиция бөлімі тарапынан менің бірнеше рет ресми өтінішіме бірде-бір дәлелді жауап берілмеді. Осының салдарынан «Көкшетау Жолдары» ЖШС қызметкерлері құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзімін кешіктіріп жатыр. Сіздерден қалыптасқан жағдайды түсініп, бізді құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттерінен қорғауларыңызды сұраймын, — деді кәсіпкер Серік Нұрпейісов.
Бейнебайланыс арқылы отырысқа қатысқан Ғ. Мүсірепова аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Ысқақов, заңсыз өндірілген қиыршық тас туралы ақпарат 2022 жылдың сәуір айының соңында ауылдық округ әкімінен «102» пультіне түскенін жеткізді. Кеңес мүшелері полиция өкілінен сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін құқық қорғау органдарының не істегенін сұрады.
Оның айтуынша, бастапқыда қылмыстық іс қозғалған жоқ, жиналған материалдарды тек мемлекеттік органдарға, яғни облыс әкімдігі, СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, зиянды бағалау үшін экология департаментіне жіберген. Полиция өкілінің айтуынша, қылмыстық іс тек қыркүйекте ғана қозғалған.
-Демек, сәуір мен қыркүйек аралығында бір рет ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ, яғни қиыршық тасты пайдалануға тыйым салынбаған. Сонымен қатар, инертті материал жергілікті карьерден алынбағын, өздерінде бұрыннан барын растайтын құжаттар бар. Бірақ құқық қорғау органдарының өкілдері бұл фактіні елемей отыр, -дейді кәсіпкер.
Талқылау нәтижесінде кеңес мүшелері облыс прокуратурасына Ғ.Мүсірепов ауданы полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын тексеруді ұсыну туралы шешім қабылдады.
Фото: ашық дереккөздерден.