21-25 қыркүйек аралығында шекарадан Ресей Федерациясының 30 мыңнан астам азаматы өтті, олардың 20 мыңға жуығы 18-20 жас аралығындағылар. Олардың ішінде 20 800-і ер адамдар, 7383-і әйел. Бірақ Ресей Федерациясынан келген азаматтардың барлығы СҚО-да қалып жатқан жоқ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Осы аралықта 90 шетелдік уақытша болуға рұқсат ресімделді, оның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары – 64. Ресей Федерациясының 1481 азаматы келгені туралы хабарлама берді.Қазақстан Республикасы ӘҚБК 517-бабының 3-бөлігі бойынша Ресей Федерациясының үш азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар тіркелген жоқ, — деді облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.
Айта кету керек, облыс аумағында тұруға рұқсаты бар 6369 шетелдік азамат бар. Олардың 4760-ы Ресей Федерациясының азаматтары.
Фото: ашық дереккөздерден.