209
«Петропавл жылу желілері» бригадасының қызметкерлері құбыр ішінен адамның қаңқасын тауып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Амангелді-Брусиловский көшелерінің қиылысындағы жылу трассасы құдығынан «Петропавл жылу желілері» бригадасының қызметкерлері зорлық-зомбылық белгілері жоқ адамның қаңқасын тапты. Кісі өлімі фактісі Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция сараптама тағайындады.