СҚО-да әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да қыркүйектің 1-ші жұлдызында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Бүгінгі күнге дейін 40 солтүстікқазақстандық Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Ендігі жоспар – 560 адамды жыл соңына дейін әскерге жөнелту, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әскер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жақында ғана Қорғаныс және Ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері тың жобаны таныстырды. Мамандар әскери қызмет атқарған азаматтарды еліміздің жоғары оқу орындарына түсіру жайында келісім жасасты.

– Жоба жастарды ынталандыруға бағытталған. Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін сарбаздар оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсе береді. Ақылы түрде де, тегін де оқи алады. Жалпы, қазіргі таңда өңірде 14 шақырту комиссиясы жұмыс істеп тұр. Оның 1-еуі – облыс орталығында, қалғаны – аудандарда орналасқан. Биылғы жоспар ауқымды. Көктемгі науқаны барлығы 700 жас әскерге алынды. Енді жыл соңына дейін тепсе темір үзер 600 теріскейлік жігіт Қазақстан қарулы күштері қатарына қосылмақ. Оның 15-і Абай облысындағы шекара қызметіне жіберілді,- дейді СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Азамат Айдабулов.

Сондай-ақ, 24-29 жас аралығындағы солтүстікқазақстандықтар арасында 40 күндік әскери-техникалық мектептерде әскери білім алу сұранысқа ие болып отыр. Мұндағы қызмет үшін 265 мың теңге төлеу қажет.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz