СҚО полицейлері бағалы шаяндарды аулағандарды ұстады

Авторы: Qyzyljar News

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Artemia salina шаяндарын заңсыз аулаудың жолын кесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатқан мобильдік топ Сенжарка ауылы маңындағы тұзды көлге жақын жерде тексеру үшін 3 автокөлікті тоқтатқан. «ГАЗель» көлігінде құрамында Artemia salina шаяндарының цисталары бар құм тиелген 40 қап болса, жол талғамайтын «Lexus» көлігінен тағы 10 қап алынды. Заңсыз Artemia salina аулады деген күдікпен облыс орталығының және СҚО аудандарының 9 тұрғыны ұсталды.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

– Болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліуде. Қажетті сараптамаларды өткізгеннен кейін өңірдің табиғатына келтірілген шығын көлемі белгілі болады. Artemia salina шаяндары фармацевтика және косметология саласына қажетті зат және «қара нарықта» сұранысқа ие. Әдетте, шығын көлемі миллиондаған теңгені құрайды. Биыл бағалы шаяндарды заңсыз аулаудың алғашқы жағдайы. Өңірде табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар ұдайы жүргізіледі,- дейді Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz