Петропавлда жалға берілетін пәтерлер құны 30% — ға өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанда жалдамалы пәтерлер нарығындағы  жағдай тұрақсыз. OLX.kz  онлайн-хабарландыру сервисінің талдаушылары 28 қыркүйекте өңірлердегі  жалға берілетін баспанаға  сұраныс пен ұсыныс нарығын бағалады, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Интернетте «Пәтер» кілт сөзі бойынша іздеу  саны еліміздің барлық солтүстік өңірлерінде, сондай-ақ Астана мен Алматыда күрт өсті.

Жалға беру туралы хабарландырулар саны бірнеше қалада  ғана өсті.  Орал мен Қостанай —  40%, Петропавл мен Ақтөбе —  30%. Астана, Алматы, Өскемен және Павлодар-өзгеріссіз қалды.

Жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрінің құны 21 қыркүйектен кейін Павлодарда — 43% — ға, Астанада — 24% — ға және Оралда-18% — ға өсті.

21 қыркүйектен кейін  тұрғын үй құны тек кейбір аймақтарда өсті, ал басқаларында, керісінше төмендеген.

Жаңа үйлердің  бір шаршы метрінің орташа бағасы 21 қыркүйектен кейін Алматыда — 330 мың, Астанада-370 мың теңгені құрады.

Ескі үйлердің бағасы    тек Астана мен Петропавлда ғана шамалы өсті.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz