Солтүстікқазақстандықтар «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасын талқылады

Авторы: Qyzyljar News

«AMANAT» бастауыш партия ұйымдары партияның саяси тұғырнамасын қызу талқылауда. Жаңа құжат осы жылдың наурыз айында басталған толық ауқымды партиялық трансформация аясында әзірленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тұғырнама Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасын, даму бағдарларын, қағидаттары мен саяси мақсаттарын қамтиды. Оны әзірлеуге бүкіл ел бойынша 43 мыңға жуық партиялықтар әлеуметтік сауалнама арқылы қатысып, мыңнан астамы өздерінің бастамашыл ұсыныстарын жіберді. Олардың қатарында «Қызылжар су» ЖШС бастауыш партия ұйымының 400 мүшесі бар. Кәсіпорын ұжымы саяси платформа қарапайым азаматтарға және жалпы азаматтық қоғамның дамуына оң әсер етеді деп санайды. Кәсіпорын қызметкерлеріне тұғырнаманың қандай бағыттардан тұратыны туралы «AMANAT» партиясының «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель айтып берді. Спикердің айтуынша, ең бастысы – тұғырнама алғаш рет партиялық идеологияның орталығында тұрған адамнан басталады.

– Тұғырнама Адам – Қоғам – Мемлекет қағидаты бойынша құрылды. Осының бәрінің ортасында әрбір азаматтың әл-ауқаты жатыр. Құжатта проблемалық мәселелер және оларды шешудің көрінісі нақты көрсетілген. Онда әрбір адамның лайықты білім алуға және қолжетімді медицинаға, өзінің жеке өмірін қорғауға құқығы бар екеніне баса назар аударылады, — деді Александр Зель.

Жиналысқа қатысушылар саяси платформаның барлық негізгі бағыттары – болашаққа сауатты инвестициялар және халықпен тиімді жұмыс істеудің нәтижесі екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz