Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама дайындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, келісімнің 1-бабы өзгертілді, онда тараптар Қазақстан–Ресей мемлекеттік шекарасында көпжақты және екіжақты өткізу пункттерін орнатуда, олардың атаулары, орналасқан жері мен жіктелуі қосымшада көрсетілген. Қосымшада Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі көрсетілген, олардың ішінде:
35 көпжақты пункт;
14 екі жақты пункт.
Құжат 13 қазанға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.