Қазақстан Еуропаға көмір экспорттай бастады

Авторы: Qyzyljar News

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Мен бір ғана мысал келтірейін, мәселен өткен аптада мен Мәскеуде болып, ресейлік әріптестеріммен кездестім. Біз Еуропаға шамамен 500 мың тонна қазақстандық көмірді Ресей аумағы арқылы транзитпен экспорттау мәселесін талқыладық. Бұл мәселе шешілді, қазір біз Еуропаға көмір сатамыз,- деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысында.

Вице-Премьер көмірді ERG компаниясы сататынын және бүгінгі күні ішкі тұтыну нарығында көмір жеткілікті екенін нақтылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz