Петропавлда 50-ден астам жер телімін беру барысында ереже бұзылған

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жыл басынан бері заңсыз берілген және басқа мақсатта пайдаланылатын 125 жер учаскесі анықталды. Бұл туралы халықпен кездесуде қала әкімі Руслан Аңбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz. тілшісі.

Қала басшысы 125 учаскенің 49-ы ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын, 25-і қала тұрғындары өз еркімен иемденгенін атап өтті.

— 173 бау-бақша серіктестігінде учаскелерді пайдаланбау фактілері бар. «Петропавл қаласының бағбандары» қоғамдық бірлестігінің мәліметтері бойынша 47 мың жер учаскесінің 18 мыңға жуығы қараусыз қалған. Бұл ретте қала тұрғындары арасында оларды алу қажеттілігі бар. Тексеру барысында биыл мемлекет меншігіне 50 учаске қайтарылып, басқа адамдарға берілді. Сотта 16 материал қаралуда, 326 учаске иесіз ретінде есепке қойылды. Бір жыл өткеннен кейін олар коммуналдық меншікке қайтарылады, — деді Руслан Аңбаев.

Қала әкімі берілген жерлердің мақсатты пайдаланылуы тексерілетінін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz