Петропавлда өткен тәулікте 4 ЖКО тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Алғашқы қардан кейін Петропавлда 1 тәуліктің ішінде 4 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық  ПБ патрульдік полиция батальонының командирі   Қанат Әлімжановтың айтуынша, соңғы тәулікте  көктайғақ болмаса да, облыс орталығының көшелерінде көліктер саны айтарлықтай азайған. Дегенмен,   4 жол-көлік оқиғасы тіркелді.   Зардап шеккендер жоқ. Тәртіп  сақшылары   бұрылу, басып озу кезінде ерекше қырағылық таныту керек екенін еске салады,  бұл   ең жиі кездесетін жағдайлар. Күн сайын екі ауысымды режімде облыс орталығының көшелеріндегі жол қауіпсіздігін 25 автопатруль бақылайды. Өткен тәулікте олар 86 түрлі ЖҚЕ бұзушылықтарын, оның ішінде қарсы жолаққа шығудың 3 фактісін анықтады.

Облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарға СҚО ПД патрульдік полиция батальонының 15 экипажы шығады

-Автокөлік жүргізушілерін ТЖ қызметі жіберетін ауа райы болжамдары мен ескертулерді қадағалауға шақырамыз.  Ауа-райының өзгеруі кезінде, әсіресе тұман түскенде  екі қарапайым ережені есте ұстаған жөн: жылдамдықты азайту қажет  және көліктер арасындағы қашықтықты сақтау  керек.  Айта кетерлік жайт, қашықтықты сақтамау себебінен биылғы жылы СҚО-да 11 апат болып,  1 адам қаза тауып, 14 адам жараланды. Жолда абай болыңыздар, көлік құралдарының техникалық жарамдылығын қадағалап, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар, дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы   Айдын Байматов.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz