Петропавл хоккей корттарының үштен бірі тұрғындардың өтініші бойынша жұмыс істемейтін болды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 30 хоккей кортының 10-ы қыста жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлия Бейсенованың айтуынша, бүгінгі таңда Петропавлда 30 хоккей корты болса, оның төртеуі жабық.

— Қыс мезгілінде тек 20 хоккей кортын іске қосуды жоспарлап отырмыз. 10 корт пәтер иелері кооперативі төрағалары мен үй тұрғындарының өтініші бойынша істемейтін болды. Оған көктемде қар еріген кезде тұрғын үйлердің жертөлелерін су басу қаупі туындауы себеп болып отыр, — деді Әлия Бейсенова.

Қыста бес шаңғы трассасы дайындалып, шаңғы мен конькиді жалға беретін 4 орын жұмыс істейтінін айтты. Қала билігі петропавлдықтар арасында «шаңғышылар күнін», оқушылар, студенттер, өндірістік ұжымдар, медицина қызметкерлері мен әкімдік қызметкерлері арасында жарыстар өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz