«Ауыл» партиясының атынан Президент сайлауына Жигули Дайрабаев түсетін болды

Авторы: Qyzyljar News

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтіп, алдағы Президент сайлауына партия атынан түсетін үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Партия төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс саяси кеңестің шешімі бойынша Президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев ұсынылатынын айтты.

– «Ауыл» партиясының саяси кеңесі кезектен тыс Президент сайлауында президенттікке кандидат ретінде партияның атынан Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Дайрабаев Жигули Молдахалықұлының кандидатурасын съез қарауына ұсынады, — деді Әли Бектаев.

Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz