Өткен тәулікте Қазақстанда 28 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен тәулікте: Астана қаласында — 9, Алматы қаласында — 9, Ақмола облысында – 2, Абай облысында — 1, Қостанай облысында — 4, Павлодар облысында — 1, Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында – 2 адамның ауырғаны анықталды.
Сонымен қатар өткен тәулікте 32 адам коронавирус инфекциясынан жазылды. Олардың ішінде Астана қаласында — 7, Алматы қаласында — 12, Ақмола облысында — 5, Қарағанды облысында — 4, Ұлытау облысында — 3, Павлодар облысында — 1 адам емделді.
Жалпы статистика бойынша 1 378 888 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.