Петропавлда жұмысшы мамандықтарына оқыту басталады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жұмысшы мамандықтарына оқыту бойынша қысқа мерзімді курстар өткізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Халықпен кездесуде қала әкімі Руслан Аңбаевтың айтуынша, нарықта электр және газбен дәнекерлеушілер, электриктер, ағаш ұсталары, слесарь-сантехниктер, кондитерлер, аспаздар, тігіншілер сұранысқа ие. Ол халықты жұмыспен қамту орталығы аталған мамандықтар бойынша курстардан өтуге ниет білдірушілерді одан әрі жұмысқа қабылдайтынын айтты.

— Жыл басынан бері Петропавлда 2 279 жаңа жұмыс орны ашылды. 5 287 адамды түрлі бағдарламаларға тартып, 4 177-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Business.enbek.kz порталында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерді қабылдау басталды. Үміткерде үш жылдан аспайтын мерзіммен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификат болуы тиіс, — деді Руслан Аңбаев.

Қала әкімінің айтуынша бүгінде грант берудің барлық процесі электронды форматқа ауыстырылды. Биыл 188,2 млн. теңге сомасына 148 мемлекеттік грант беру жоспарлануда. Көлемі екі есеге — 400 АЕК-ке дейін немесе 1,2 млн. теңгеден астам ұлғайтылды. 37 адам 45 млн. теңгеге грант алды.

— Жастар мен зейнет жасына дейінгі адамдарға арналған жобалар іске асырылуда. Түлектер мен жұмысшы жастар үшін «Жастар практикасы» және «бірінші жұмыс орны», зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар үшін — «Күміс жас» жобасы жұмыс істеп тұр. Жалпы, қабылданып жатқан шаралар жұмыссыздық деңгейін 4,4% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді, — деді Руслан Аңбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz