Бұл туралы Әлихан Смайылов Үкіметте өткен кеңесте айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстандықтарға ыңғайлы болуы үшін көмірді танымал маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы өткізу жолдары пысықталып жатыр. Бұл бағытта еліміздегі ең ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосты. Премьер-Министр бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Бұл – тұтынушыларға қолайлы, өте жақсы цифрлық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, — деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы көмір жеткізу мен бөлуді ерекше бақылауда ұстауды