СҚО-да бизнеске заңсыз араласу фактілері тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шағын және орта бизнестің қызметіне заңсыз араласудың үш фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктік бақылау инспекциясының екі маманы жүк автокөлік құралдарының «кедергісіз жүруі» үшін автожолды күрделі жөндеуден өткізген «КоммунСтройСервис» ЖШС директорынан пара алған. Сәуір айында Петропавл қалалық сотының үкімімен екеуіне де алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бизнес-құрылымдардың тұрақты шағымдарын және көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бірнеше рет фактілерін ескере отырып, департамент саланы егжей-тегжейлі зерделеп, заңсыз ақша талап етудің 25 мүмкіндігін белгіледі.

— Кәсіпкерлікті дамыту және оны қолдау үшін драйвер ретінде «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы жеңілдікті кредиттеу тетігі таңдалды. Іс жүзінде талдау барысында мұндай көмек тек белгілі бір субъектілер үшін көрсетілетіні анықталды. Әрбір кәсіпкердің өңірге қажетті бизнес-идеяларын іске асыру мүмкіндігі болуы үшін талдау қорытындысы бойынша акционерлік қоғам конкурс арқылы жеңілдетілген қарыз беруге тиіс. Биылғы жылы 15 ауыл шаруашылығы өндірісін құру үшін 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлу жоспарланып отыр,- делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті квазимемлекеттік сектордың 50-ден астам субъектісі комплаенс-қызметтерді енгізгенін атап өтті. Комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және ұйымның іскерлік беделін қорғау.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz