СҚО-да арнайы пәндер оқытушыларына арналған семинар-практикум өтті

Авторы: Qyzyljar News

Өңірімізде облыс колледждерінің өндірістік оқыту шеберлеріне, арнайы пәндер оқытушыларына арналған «Қоғамдық тамақтану индустриясының заманауи тенденциялары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңіріміздегі 24 колледждің он екісінде аспаз, кондитер, технолог және наубайханашы мамандар даярланады. Қазір 5 мыңға жуық студент осы кәсіпті игеріп жатыр. Бір атап өтерлігі, соңғы жылдары жастардың қызығушылығы артыпты. Алайда шараға қатысқан рестораторлар облыс орталығының өзінде ғана 80-ге жуық аспаз тапшы екендігін айтты.

– Бұл семинарды колледж оқытушылары үшін ұйымдастырдық. Ұстаздар біліктіліктерін арттырып, жаңа әдіс-тәсілдерді үйренуі қажет. Педагогтар осы жерде көрген-білгендерін кейін студенттерге үйретеді. Себебі бүгінгі талап – сапалы кадр даярлау, – деді білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Роза Сәркен.

Облыс колледждерінің өндірістік оқыту, арнайы пәндер оқытушылары жиналған семинарда «Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін кадрлармен қамтамасыз етудің заманауи тәсілі», «Солтүстік Қазақстан облысының рестораторлары мен отельерлері қауымдастығының қызметі. Аймақтың колледждерімен өзара әрекеттесу. Ынтымақтастықтың міндеттері мен перспективалары», «Жас маман тамақтану саласының мамандарын даярлаудағы жаңа құрал ретінде» деген тақырыптар талқыланды. Жиынның теориялық бөлігі саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары мәселелеріне арналса, практикалық кезең қазақ халқының ұлттық тағамдарын насихаттауға бағытталды.

Жиын соңында өткен шеберлік сағатында семинар қатысушылары сірне, балқаймақ, қуырдақ пісірудің түрлі әдістері мен белкөтерер сынды қазақтың ұлттық тағамын дайындау жолын үйренді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz