Қазақстанда ҰҚШҰ-ның «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Авторы: Qyzyljar News

26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшелерін жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының (Алматы облысы) базасында «Айбалта-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ҰҚШҰ-ның «өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл командалық-штабтық оқу-жаттығу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жедел ден қою ұжымдық күштерінің арнайы мақсаттағы күштерін басқару органдарымен және құрамаларымен «Орталық Азия өңіріндегі ұжымдық қауіпсіздіктің Қарулы қақтығысын оқшаулау жөніндегі бірлескен операцияны дайындау және жүргізу» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды. Оқу-жаттығуға Қазақстан Республикасы,Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасының бөлімшелері қатысады.

Негізгі мақсаты — Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қалыптастыру іс-қимылдарының далалық дағдылары мен үйлесімділік деңгейін арттыру, жаңа нысандарды, мақсатқа арналған міндеттерді орындау тәсілдерін, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, арнайы құралдардың заманауи үлгілерін әзірлеу және игеру болып табылады.

Оқу-жаттығулардың белсенді кезеңі 3-7 қазан аралығында өтеді, оның барысында штаб құрылған және дамып келе жатқан жағдай аясында күштердің бірыңғай топтамасының міндеттер кешенін орындау кезінде шешімдер алгоритмдерін әзірлейтін болады, бұл бірлескен операцияны ұйымдастыру кезінде әскери басқару органдарының үйлесімді іс-қимылдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz