Өткен тәулікте Қазақстанда 60 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Екі күн бұрын елде 59 науқас анықталса, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 60 жаңа жағдайы тіркелді.6 қазанда коронавирустан 1129 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде стационарларда 119, амбулаториялық деңгейде – 1010 науқас емделіп жатыр. Коронавируспен ауырғандардың ішінде: ауыр жағдайда – 4 науқас, аса ауыр дәрежеде-3 науқас болса, өкпені жасанды желдету аппаратына -1 науқас қосылған.