СҚО-да учаскелік инспектор 8 ай бұрын ұрланған малды тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамлют ауданында учаскелік полиция инспекторы 8 ай бұрын ұрланған малды тапты. Үй-үйді аралау кезінде полиция қызметкері Қадырбек Исин 24 жастағы ауыл тұрғынының ауласында үш ақбас бұзауды байқаған. Полицей бұндай тұқымды сиыр тек ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өсірілетінін білгендіктен, олардың қалай пайда болғанын анықтауға кіріседі. Малшы болып жұмыс істейтін жас жігіт ақпан айында түнде бұзаулаған сиырлардың бұзауларын үйіне әкеткенін мойындап, бұзаулардың жоқтығын өлі туған деп түсіндірген.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ауыл тұрғынының мал ұрлығына қатысы расталды. Кәсіпорынға келтірілген шығынның мөлшері 240 мың теңгені құрады. Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафиннің айтуынша, Қадырбек Исиннің еңбек өтілі – 18 жыл, учаскелік инспектор лауазымында 10 жыл қызмет етуде, аталған учаскелік округке 2017 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Оның қызмет көрсететін учаскесінде 315 үй, 880 адам бар.
– Халық арасында сыйлы, заман ағымына сай бейімделеді. Жыл басынан өзі 3 қылмысты ашты, – дейді Иса Мұстафин.